Механикалық қозғалыс және санақ жүйесі
4-сабақсанақ денесін таңдаңызКинематика қозғалысты тек сипаттайды: дене қалай қозғалады, кез келген уақытта қай жерде болады. Қозғалыстың себебін (күшті) кинематика қарастырмайды — ол динамиканың ісі.
Тыныштықта тұрған немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын денемен байланысқан санақ жүйесі — инерциялық. Жылдамдығы өзгеретін (үдей немесе баяулай қозғалатын) денемен байланысқан жүйе — инерциялық емес.
Кейде санақ жүйесі — тек санақ денесі дейді. Бұл қате: санақ жүйесі = санақ денесі + координаталар жүйесі + сағат (секундомер).