Тәжірибені таңдаңыз: модель көріністі дайындайды, ал тәжірибе сіздің әрекетіңіз бойынша есептеледі.
Телефон мен компьютер қорғанысы
Қорғаныс әуелі өшірулі. Оны қосып, нені ұстайтынын және нені ұстамайтынын көріңіз: адамды алдаудан программа құтқармайды.
Жіберу тәсілі
Әлияның хабарламасы
Ортақ кілт: әліпбиді жылжыту3
Әліпби — қазақ тілінің 42 әрпі. Әр ұяшықта: жоғарыда — ашық мәтін әрпі, төменде — шифр әрпі. Бос орын мен цифрлар шифрланбайды. Кілттердің мәндері — оқу мәндері.
Кіріс хаттар
Қауіп жоқ
хабарламаны таңдаңыз
жаңадұрыс шешімқорғаныс құтқардызиян
ашық мәтіншифрланған мәтінашық кілтжабық / ортақ кілт
Кіріс хаттар — хабарламаны басыңыз
Ашық хабарлама
«Кіріс хаттардан» хабарламаны таңдаңыз.
Сіз таныдыңыз0—
Қорғаныс тоқтатты0—
Өткізіп алған қауіп0—
Қорғаныс деңгейі25%қорғаныс өшірулі
Қауіптер журналы
шешімдеріңіз бойынша
Не болып жатыр
Журнал
Талдау: ақпараттың қай критерийі бұзылды?
1-жағдай
1
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі 8-сабақ
бөліктерді ауыстырыңыз
Бүгін ақпаратпен жұмыс істегенде бізде компьютер бар және біз сол компьютермен желіге, интернетке шығамыз. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік жүйесі екі компоненттен тұрады:
Компьютерлік қауіпсіздік — компьютерде сақталатын және өңделетін деректерді, яғни автономды жүйедегі деректерді қорғау. Компьютердің өзіне төнетін қауіп-қатерлерден сақтану шаралары.
Желі қауіпсіздігі — желі құрылғылары арасында ақпарат алмасу кезінде оны қорғау және рұқсатсыз кіруден сақтау. Интернетке шыққанда қауіп-қатерге тап болмау шаралары.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі = компьютерлік қауіпсіздік + желі қауіпсіздігі.
Ақпаратқа төнетін қауіп-қатерлер де екі түрлі: техникалық (программа немесе желі арқылы келеді) және әлеуметтік (оны адам жасайды, нысанасы — адам). Олар туралы 3–5-бөлімдерде.
ОйынБұл компьютерлік қауіпсіздік пе, желі қауіпсіздігі ме? Алдымен карточканы, сосын топты басыңыз.
2
Үш критерий: қолжетімділік, тұтастық, құпиялылық 8, 9-сабақтар
критерийді бұзыңыз
Желідегі ақпарат қауіпсіз бе, жоқ па — оны үш критерий бойынша анықтаймыз:
Қолжетімділік — санаулы уақыт ішінде керекті ақпарат пен қызметті кедергісіз алу мүмкіндігі. Сен 11-сыныпта болсаң, 11-сыныптың білімін алуға құқың бар; онлайн курсқа жазылсаң, сабақтарды көруге құқың бар; өз жеке куәлігіңді, өз құжаттарыңды eGov-тан алуға құқың бар.
Тұтастық — ақпараттың бұрмаланудан және заңсыз өзгертілуден қорғалуы, яғни түпнұсқаның сақталуы. «Сәлем» деп жазсаң, адресатқа дәл «Сәлем» болып жетуі керек. Отбасында 5 бала болса, «6 балалы» деп жазуға болмайды: шамалап жазу — тұтастықтың бұзылуы.
Құпиялылық — ақпаратқа заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. Банк картаңның нөмірін, шотыңды, достарыңмен хат алмасуыңды бөгде адам көрмеуі керек.
Есте сақтаҮшеуінің біреуі бұзылса — ақпараттық қауіпсіздік бұзылды. Үшеуі де сақталса ғана ақпарат қауіпсіз.
ҰБТ-ның типтік сұрағы«Заңсыз алудан немесе оқудан қорғау» → құпиялылық. «Бұрмаланудан және заңсыз өзгертуден қорғау» → тұтастық. «Санаулы уақытта кедергісіз алу» → қолжетімділік. Тасымалдаушылық, жылдамдық, сенімділік — бұл үшеуіне жатпайды.
ОйынБұл жағдайда қай критерий бұзылды?
3
Техникалық қауіп-қатер: зиянды программалар 8-сабақ
қалай жұғатынын көріңіз
Зиянды программалар — компьютерге, серверге, компьютерлік желіге зиян келтіру үшін арнайы жазылған программалар. Мақсаты — зақым келтіру, жеке деректерді ұрлау немесе компьютерді басқару. Көбіне белгісіз адамдардан келген хаттар мен хабарламалар, спам, күмәнді сайттар және сілтемелер арқылы келеді.
Вирус — компьютерлік программаның бір түрі. Ерекшелігі: өзін-өзі көбейтеді (көшірмелерін жасайды), файлдарға, дискілерге, секторларға пайдаланушыға көрінбей жүктеледі. Міндеті — ақпаратты ұрлау немесе жою.
Құрт — вирус сияқты өзін-өзі көбейтеді. Айырмашылығы: таралу үшін пайдаланушының көмегі қажет емес. Көбіне желі арқылы — пошта, спам хаттар, интернет арқылы бір компьютерден екіншісіне өздігінен тарайды.
Трояндық программа — сырттай кәдімгі программа (ойын, бейнефайл, браузер) болып көрінеді, ал ішінде зиянкес код жасырынып тұрады. Ол ақпаратты жинайды, бұзады немесе түрлендіреді, компьютердің жұмысын бұзады. Аты троялық аттан шыққан: ағаш аттың ішінде жаулар жасырынған еді.
Техникалық қауіп-қатерден қорғану:
операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру;
лицензиясы бар антивирус қолдану — «тегін антивирус» деп кез келген сайттан жүктемеу;
парольдерді, банк картасының нөмірін, eGov пен ЭЦҚ-ны сақтап, ешкімге бермеу;
фильмді, музыканы, ойынды кез келген сайттан «тегін» жүктемеу — тек лицензиясы бар, тексерілген сайттардан алу.
DoS шабуыл — мақсаты ақпаратты ұрлау емес, серверді істен шығару немесе уақытша тоқтату. Серверге өте көп трафик жіберіледі: бір уақытта мыңдаған компьютер сайтқа кіргендей болады, сервер үлгермей, сайт «қатып» қалады.
DoS шабуыл бір компьютерден жасалады, ал DDoS шабуыл — көптеген компьютерден бір мезгілде. Мысал: ҰБТ-ға тіркеу басталғанда тест орталығының сайтына бәрі бірден кіреді — сервер барлығына жауап беріп үлгермейді. DDoS шабуылда дәл осындай жүктемені жаман ниетті адам әдейі жасайды.
Ботнет — бүкіл әлем бойынша орналасқан зақымдалған құрылғылардың желісі. Құрт жұққан компьютерлер иесінің бұйрығымен бірге әрекет етеді, мысалы, бір серверге DDoS шабуыл жасайды.
ҰБТ-ның типтік сұрағы«Бүкіл әлем бойынша орналасқан зақымдалған құрылғылар желісі» → ботнет. «Көптеген компьютерден бір мезгілде жасалатын шабуыл» → DDoS.
Сұраныс жіберетін компьютерлер1
ОйынТехникалық қауіп-қатер ме, әлеуметтік қауіп-қатер ме?
5
Әлеуметтік қауіп-қатерлер 8-сабақ
кім шабуыл жасайды?
Әлеуметтік қауіп-қатерді программа емес, адам жасайды: компьютердің арғы жағында отырған адам басқа адамның психикасына әсер етеді, алдайды, қорлайды. Негізгі айырмашылығы: шабуыл нысанасы — машина емес, оның пайдаланушысы.
Фишинг — желідегі алаяқтық: құпия ақпаратты, жеке деректерді алдап ұрлау. Спам, жалған сайттар, пошта арқылы келеді. Ағылшынша «fish» — балық аулау: сені «қармаққа» түсіреді.
Кибербуллинг — электрондық байланыс құралдары арқылы азапқа салу, қорлау, қудалау: әлеуметтік желіде қорқыту, мазақтау.
Спам — қажетсіз жарнамалық ақпаратты тарату.
Флейминг — чаттағы мағынасыз сөз таласы: бір-біріне арандатып, балағат сөзбен «отқа май құю» (ағылшынша flame — жалын).
Троллинг — әдепсіз комментарий, суреттерге орынсыз сын жазу арқылы дөрекілік көрсету. Нақты адамға емес, жалпылама жазылады.
Хейтинг — нақты бір адамға бағытталған жағымсыз комментарийлер арқылы зиян келтіру.
Хейт-спич — бір адамдар тобын (ұлтын, дінін, жынысын) жалпылама балағаттау, жек көрушілікті тарату.
Грифинг — көп ойыншы бар онлайн ойындарда басқа ойыншыларды қудалау: мақсаты жеңу емес, біреудің ойынын бұзу, ресурсын ұрлау.
Претекстинг — алдын ала дайындалған сценарий бойынша алдау. Мысалы, телефон алаяқтары әжеге қоңырау шалып: «Немереңіз ауырып жатыр, тез ақша керек», — дейді.
Троллинг пе, хейтинг пе?Троллинг — жалпылама, кез келген адамның жазбасына. Хейтинг — нақты бір адамға. Хейт-спич — бүкіл адамдар тобына.
Спам түрлері, цифрлық бедел, авторлық құқық 8-сабақ
тұзақты табыңыз
Интернетте жиі келетін алдамшы спам түрлері:
Лотерея ұтысы немесе алыс туыстан мұра — «Сіз ұттыңыз!», «Африкадағы туысыңыз қайтыс болып, бар байлығын сізге қалдырды. Алу үшін карта нөміріңізді жіберіңіз».
Сиқырлы әмияндар — «500 теңге салсаң, бір сағаттан кейін 1000 теңге болады», ақшаң екі есе көбейеді дейді. Бәрі — өтірік.
Жұмыс немесе ақша табу ұсынысы — «Финляндияда жұмыс бар, мыңдаған доллар табасың, баспана береміз».
Интернетте ақша табуды үйрететін «керемет әдіс» — «Ештеңе керек емес, вебинарға кір де, оңай ақша тап».
Қайырымдылық акциялары — түсініксіз форумдар «бала ауырып жатыр» деп ақша сұрайды. Тек өзіміз білетін, ресми анықталған қорларға ғана көмектесеміз.
Цифрлық бедел — пайдаланушы туралы желідегі жағымды немесе жағымсыз мәліметтер, интернеттегі «бет-бейнең». Оны сақтау үшін: профиліңе және ондағы мәліметтерге шектеу қой; біреуге зиян тигізетін, өзіңе зиян келтіретін ақпаратты жүктеме.
Хаттағы 6 тұзақты табыңыз — күдікті жерлерді басыңыз
Табылды: 6-дан 0
Интеллектуалдық жеке меншік — адамның ойымен жасалған шығармашылық өнімдер мен өнертабыстар: кітап, сурет, музыка, бейне, жаңа құрылғы.
Авторлық құқық — ғылым, өнер, әдебиет саласындағы туындыларға деген интеллектуалдық жеке меншік құқығы: туындыны тек автор ғана сата алады, тарата алады. Мысалы, Mercedes машинасын басқа компания өз атынан шығара алмайды — бұл компанияның жеке меншігі, оны бұзса, сотқа береді.
Авторлық құқықты бұзбау үшін (реферат, курстық жұмыс жазғанда):
тек жарияланған шығармаларды пайдалан — жабық аккаунттан, сатып алынған жабық журналдан көшірме;
сайтта пайдалану ережесі жазылмаса, автордан рұқсат сұра.
ОйынБұл спамның қай түрі?
7
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау. Заңдар 9-сабақ
пирамиданы басыңыз
Ақпарат — адамның ең басты құндылығы: карта нөмірі де, жеке деректер де, кіммен сөйлескенің де — бәрі ақпарат. Сондықтан ақпаратты қорғауды халықаралық ұйымдар мен мемлекет заңмен реттейді.
Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласындағы жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделерінің қорғалу жай-күйі. Басқаша: ақпараттық ресурстарды сақтау және ақпарат саласындағы жеке адам мен қоғамның заңды құқықтарын қорғау; ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпаратты қорғау — ақпаратты қорғаудың принциптері мен құралдарын қолдану реті және ережесі; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Айырмашылығы: қауіпсіздік — жай-күй (пирамиданың ұшы, «ақпарат қаншалықты қауіпсіз тұр»), қорғау — үдеріс, шаралар (пирамиданың негізі, «қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз»).
Пирамиданың бөлігін басыңыз.
Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі нормаларды «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» заң реттейді. Сонымен қатар: Қылмыстық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Байланыс туралы» заңдар.
Заң аясында біз мемлекетпен қорғалғанбыз: заңды бұзғанға жаза қолданылады, ал біз өз құқығымызды — жеке өміріміздің құпиялығын, деректеріміздің қауіпсіздігін — мемлекеттен талап ете аламыз.
ОйынБұл анықтама ақпараттық қауіпсіздікке (жай-күй) жата ма, ақпаратты қорғауға (шаралар) жата ма?
8
Ақпаратты қорғаудың төрт шаралар кешені 9-сабақ
затты нұсқаңыз
Кешен
Не істейді, мысалдар
Құқықтық-заңнамалық
мемлекет заңмен реттейді: шектеулі қолжетімділіктегі деректерді пайдалану ережесін заңды түрде бекітеді, бұзғанға жауапкершілік қолданады. Келісімшарттар, нормалар, кодекстер, Конституция
Ұйымдастырушылық
әр ұйымның өз ережесі, қауіпсіздік саясаты: әкімдікке кірерде телефонды тапсыру; мұрағаттағы құжатты үйге алып кетуге болмайды; байланыс арналарына қол жеткізуді қиындату; сыртқы жинақтауышқа немесе бұлтқа резервтік көшірме жасау
Техникалық
компьютердің сыртындағы құралдар: камера, сигнализация, күзет, серверлік бөлмеге ашылмайтын есік, бақылау және дабыл жүйелері
Программалық
компьютердің ішіндегі құралдар: пароль, шифрлау, антивирус
Программалық және техникалық кешенді бірге инженерлік-техникалық деп те атайды — екеуі өте жақын ұғымдар, шатастырмаңыз: ішінде — программалық, сыртында — техникалық.
ҰБТ-ның типтік сұрағы«Төрт шаралар кешеніне жатпайтын ұғым» → құпиялылық (немесе тұтастық, қолжетімділік): бұлар — ақпараттың қасиеттері, қорғау кешені емес.
Затты нұсқаңыз — оның қай кешенге жататынын білесіз.
ОйынБұл шара қай кешенге жатады?
9
Әр қасиетке төнетін қауіптер 9-сабақ
дерекқорды бүлдіріп көріңіз
Қолжетімділікке төнетін негізгі қауіптер:
Жүйенің ішкі бас тартуықосымшаның, компьютердің өзі істен шығады: Kaspi қосымшасы қатып қалып, шотыңды көре алмайсың
Сүйемелдеуші инфрақұрылымның бұзылуысырттан келетін қауіп: жарық өшті, интернет жоқ, кабель үзілді, телефонды алып қойды
Тұтастыққа төнетін қауіптер:
Статикалыққате ақпарат енгізу, деректерді өзгерту: мектеп тізіміне ата-анаңның аты-жөнін, телефон нөміріңді қате жазып қою. Қате ақпарат ұзақ уақыт сақталып қалады
Динамикалықдеректерді ұрлау, хабарламаны қайталау, қосымша хабарлама енгізу: сен туралы жазбаны дерекқорға екі рет енгізіп жіберу
«11-сынып оқушылары» дерекқоры. Оны бүлдіріп, қауіптің қай түрі екенін көріңіз
Құпиялылыққа төнетін қауіптер екі түрлі:
Пәндік — белгілі бір саладағы бұзылу: тек WhatsApp-тың немесе тек TikTok-тың құпиялығы ашылып кетті.
Қызметтік — бүкіл жүйенің бұзылуы: телефонды бұзып, TikTok-қа да, WhatsApp-қа да, Kaspi-ге де кіріп алды; компьютердегі барлық деректерге қол жеткізді.
Қасиет
Қауіптің түрлері
Қолжетімділік
жүйенің ішкі бас тартуы; сүйемелдеуші инфрақұрылымның бұзылуы
Тұтастық
статикалық (қате енгізу, өзгерту); динамикалық (ұрлау, қайталау, қосымша енгізу)
Құпиялылық
пәндік (бір қосымша); қызметтік (бүкіл жүйе)
ОйынБұл қай қасиетке төнген қауіптің қай түрі?
10
Қауіпсіз жүйе, сенімді жүйе, қауіпсіздік саясаты, кепілдік 9-сабақ
жүктемені арттырыңыз
Қауіпсіз жүйе — белгілі бір тұлғалар мен олардың атынан әрекет ететін үдерістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құру және жою құқығына ие болатындай етіп құрылған жүйе. Мысалы, 18-ге толмаған баланың деректерін өзі және ата-анасы көре алады, ал көрші не бөгде адам көре алмайды.
Сенімді жүйе — қатынас құру құқығын бұзбай, пайдаланушылар тобының бір уақытта жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеткілікті техникалық және программалық құралдары бар жүйе. Жұма күні бәріміз Kaspi-ге кіргенде ол қатып қалмаса — жүйе сенімді.
Жүйенің сенімділігі екі өлшем бойынша бағаланады:
Қауіпсіздік саясаты — ақпаратты қалай өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және нормалар жиынтығы. WhatsApp-ты орнатқанда шығатын «Құпиялылық саясаты» терезесі — соның мысалы: онда қосымша нені көре алатыны (контактілер, жеке деректер) жазылады, сен «Келісемін» деп құқық бересің.
Кепілдік — жүйенің сенімді жұмыс істейтініне, қауіпсіздік саясатын іске асыратын тетіктердің дұрыстығына деген сенім өлшемі.
Бір уақытта кірген пайдаланушылар100
Қауіпсіз жүйе: кімнің қандай құқығы бар?
Есте сақтаҚауіпсіз жүйе — «кімнің құқығы бар, сол ғана көреді» (құпиялылық толық сақталады). Сенімді жүйе — «көп адам бірден кірсе де, қатып қалмайды».
ҰБТ-ның типтік сұрағы«Қауіпсіздік саясаты және кепілдік — екі негізгі өлшем бойынша бағаланады» → жүйенің сенімділігі.
ОйынҚауіпсіз жүйе, сенімді жүйе, қауіпсіздік саясаты әлде кепілдік?
Шифрлау — мәтінді немесе кез келген ақпаратты басқа біреу түсінбейтін түрге өзгерту. Бұл — ақпаратты қорғау шараларының бірі. Шифр әріптермен де, сандармен де жасалуы мүмкін.
Криптография — ақпаратты шифрлау әдістері туралы ғылым; шифр жасайтын маман — криптограф.
Криптоанализ — шифрды ашу (шешу) әдістері туралы ғылым; онымен криптоаналитик айналысады.
Ашық мәтін — бастапқы, оқуға болатын мәтін. Ашық мәтінге криптографиялық амал қолданылғаннан кейінгі нәтиже — шифрланған мәтін, немесе криптограмма.
Кілт — шифрлау мен шешуге қажет құпия: әр әріпті қандай кодқа сәйкестендіретінің.
Криптоберіктік — криптографиялық алгоритмнің шифрды ашуға қарсы тұру қабілеті. Шифрды ашу үшін өте көп есептеу керек болса, алгоритм берік.
Цезарь шифры — ең қарапайым шифрлардың бірі: әр әріп әліпби бойынша кілт санына жылжиды. Кілт белгісіз болса, криптоаналитик барлық кілтті кезекпен тексеріп шығады — қазақ әліпбиінде 42 әріп, демек кілттің мәні небәрі 41. Сондықтан Цезарь шифрының криптоберіктігі өте төмен.
Цезарь шифры: әр әріп 42 әріпті қазақ әліпбиі бойынша кілт санына жылжиды
Кілт (жылжыту)3
Шифрланған мәтін (криптограмма)
Шешу — сол кілт санына кері жылжыту.
Криптоанализ: шифры ұсталды. Кілт жоқ — оны табыңыз
Тексеріліп жатқан кілт1
Неше кілт бар? Кілт ұзын болған сайын, шифрды тексеріп ашу қиындайды
Кілттің ұзындығы, бит5
Кілттер санын есептеу. Әр позицияда a нұсқа болса, ал позиция саны n болса, барлық нұсқа саны N = aⁿ.
k биттік кілт: әр бит — 0 немесе 1, сондықтан N = 2ᵏ. Кілт 5 биттен тұрса, N = 2⁵ = 32 комбинация.
4 таңбалы PIN-код, әр таңба — 0–9 цифры (10 нұсқа): N = 10⁴ = 10 000.
ҰБТ тұзағы5 биттік кілт үшін 2 · 5 = 10 немесе 5² = 25 деп есептеуге болмайды: дұрысы 2⁵ = 32. PIN үшін 10 · 4 = 40 емес, 10⁴ = 10 000.
ОйынКриптография ма, криптоанализ бе?
12
Алмастыру шифры және шифрлау кестесі 10-сабақ
кестені толтырыңыз
Алмастыру шифры — әр әріп белгілі бір санмен немесе таңбамен алмастырылады.
Қазақ әліпбиінің 42 әрпін 6 жол × 7 бағанды кестеге жазып, жолдары мен бағандарын нөмірлейміз. Сонда әр әріптің коды — жол нөмірі мен баған нөмірінің қиылысы: Ш әрпі 5-жол мен 6-бағанның қиылысында, коды 56.
«ШИФР» сөзі: Ш = 56, И = 25, Ф = 51, Р = 42. Жібереміз: 56 25 51 42. Кестені білмейтін адам бұл сандардан «ШИФР» сөзін таба алмайды. Ал алушы сол кесте бойынша оңай оқиды — кесте мұнда кілт рөлін атқарады.
Шифрлау кестесі. «Құпия агентпен кездесу ертең 11» деген хабарламаны бос орынсыз кестеге тігінен (бағандар бойынша, жоғарыдан төмен) жазамыз. Ал жібергенде кестені көлденеңінен (жолдар бойынша) оқимыз.
Нәтижесінде түсініксіз «сөздер» шығады: ҚЯННДЕҢ ҰАТКЕР1 ПГПЕСТ1 ИЕЕЗУЕ·. Бөгде адам оларды оқи алмайды. Алушы кестенің өлшемін (кілтті) біледі: әр «сөзді» бір-бірінің астына жазып, бағандар бойынша тігінен оқиды.
Есеп4 жол × 7 баған кестеге неше таңба сыяды? 4 · 7 = 28. Хабарламада 27 таңба бар, бір ұяшық бос қалады. Тұзақ: 4 + 7 = 11 деп есептеуге болмайды.
Алмастыру шифры да, шифрлау кестесі де — симметриялы: жіберуші мен алушы бір кілтті (кестені) пайдаланады.
13
Симметриялы және асимметриялы шифрлар 10-сабақ
неше кілт?
Симметриялы шифршифрлау үшін де, шешу үшін де бір ғана кілт. Есіктің кілті сияқты: бір кілтпен құлыптайсың, сол кілтпен ашасың. Мысалдар: DES, AES. Әлсіздігі — кілтті біреу алып қойса, шифр оңай шешіледі.
Асимметриялы шифршифрлау үшін бір кілт, шешу үшін басқа кілт. Сейф сияқты: есігін кез келген адам жаба алады, ал ашу үшін басқа құпия код керек. Мысал: RSA (ЭЦҚ-да қолданылады).
Асимметриялы шифрде ашық кілт бәріне беріледі — онымен хабарламаны шифрлайды. Ал шешу тек жабық кілтпен мүмкін, оны тек иесі сақтайды. Жолда біреу шифрланған құжатты да, ашық кілтті де ұстап алса, бәрібір оқи алмайды.
Қолтаңбада — керісінше: құжатқа жабық кілтпен қол қояды (мұны тек иесі істей алады), ал ашық кілтпен тексереді (мұны кез келген адам істей алады).
ОйынСимметриялы ма, асимметриялы ма?
14
Жүйеге кіру: идентификация, аутентификация, авторизация 10-сабақ
жүйеге кіріңіз
Жүйеге кірген кезде үш этаптан өтесің. Банкке барсаң, алдымен жеке куәлігіңді сұрайды — сен өзіңді таныстырасың. Сосын қызметкер суретке және бетіңе қарап, шынымен сол адам екеніңді тексереді. Тек содан кейін саған қызмет көрсетеді.
Идентификация — «Сен кімсің?»: тіркелгенде көрсеткен, тек саған тән ақпаратты енгізу — логин, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Аутентификация — «Шынымен сен бе?»: енгізілген жеке деректердің шынайылығын тексеру. Көбіне — пароль енгізу.
Авторизация — идентификация мен аутентификациядан сәтті өткен пайдаланушыны жүйеге кіргізу, рұқсат беру.
Идентификатор — объектіні басқа объектілерден ажыратуға мүмкіндік беретін бірегей белгі: ЖСН, логин, телефон нөмірі. Жүйеде бірдей екі идентификатор тіркелмейді: «aidana_07» логині бос болмаса, жүйе басқасын ұсынады.
Идентификация тәсілдері:атрибуттық — адамға рұқсат қағазы (пропуск), жетон, кілт, пароль, коды бар зат беріледі; биометрикалық — адамның биологиялық ерекшелігі: Face ID, саусақ ізі, көздің нұрлы қабығы. Екі тәсілде де идентификация мен аутентификация бірден өтеді.
Аутентификация әдістері: ЭЦҚ; пароль, бір реттік PIN-код; графикалық кілт; биометрикалық, физиологиялық ерекшеліктер; географиялық орналасу (кейбір Wi-Fi тек белгілі бір жерде ғана қосылады).
Идентификатор бірегей болуы керек. Логин ойлап табыңыз
Динамикалық пароль: бір реттік код 20 секунд сайын ауысады
000000
Код әрекет етеді20 с
Тұрақты пароль (мысалы, Instagram-дағы паролің) өзің ауыстырмайынша өзгермейді.
Парольдің екі түрі:
Динамикалық — өзгеріп отырады: бір реттік PIN-кодтар, SMS-кодтар. Онлайн тапсырыс бергенде келетін код бір рет қана қолданылады.
Тұрақты — өзгермейді: Instagram-ға өзің қойған пароль.
Аутентификацияның тәсілдері: пайдаланушы не біледі — пароль, PIN-код, құпия сөз; пайдаланушының өзіне тән биометрикалық белгісі — Face ID, Touch ID; пайдаланушының қолында не бар — банк немесе салық қосымшасына кіргенде компьютерге салатын кілттері бар флешка.
Бір тексеріс — бір факторлы аутентификация; пароль + SMS-код — екі факторлы.
Биометрия: статикалық және динамикалық әдістер 10-сабақ
сканерді таңдаңыз
Аутентификацияның биометрикалық әдістері екі түрге бөлінеді:
Статикалық — өзгермейдісаусақ ізі (оптикалық сканер); алақанның пішіні (саусақтардың арақатынасы); көздің нұрлы қабығы мен көз торы (көзге сәуле жіберіп қарайды); бет пішіні (екі көздің арасы, құлақ пен мұрынның арасы — пропорциялар); ДНҚ
Динамикалық — өзгеріп тұрадықолжазба (қолтаңба жылдар өте өзгереді); пернетақталық қолжазба (пернелерді басу ырғағы); дауыс (жиілігі, модуляциясы жылдан жылға өзгереді)
Бет сканері 2D мен 3D-ні ажыратады: біреудің фотосын әкеліп көрсетсең, жүйе кіргізбейді. Алдында шын адам, көлемді бет тұруы керек.
Белгіні таңдаңыз.
Бет сканеріне фото немесе шын адамды көрсетіңіз.
ОйынСтатикалық па, динамикалық па?
16
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) 10-сабақ
қол қойып, тексеріңіз
ЭЦҚ — электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Банкке барсаң, сенің жеке куәлігіңе және бетіңе қарап, сен екеніңді анықтап, сосын құжат береді. Осыны онлайн жасауға ЭЦҚ мүмкіндік береді: ЭЦҚ-мен қол қою — сол жерге өзің барып, қол қойғанмен бірдей. Сондықтан ЭЦҚ-ны ешкімге бермейді: оның көмегімен сенің атыңнан несие алуы мүмкін. ЭЦҚ-ны 16 жастан бастап алуға болады.
2003 жылғы 7 қаңтарда «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Негізгі ұғымдар:
Ұлттық куәландырушы орталық (ҰКО) — ЭЦҚ-ны береді, ашық кілттердің тиесілігі мен жарамдылығын растайды. ЭЦҚ бір жылға жарамды, жыл сайын жаңартылады.
Тіркеу куәлігі — ЭЦҚ-ның заң талаптарына сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін қағаз немесе электрондық құжат. Оның иесі — жеке немесе заңды тұлға (ЖШС — заңды тұлға).
Электрондық құжат — электрондық цифрлық түрде берілген және ЭЦҚ-мен куәландырылған құжат.
ЭЦҚ құралдары — ЭЦҚ-ны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын программалар мен техникалық құралдар.
Түбірлік сертификат — куәландырушы орталықтың өз сертификаты: ол арқылы басқа сертификаттардың рас-өтірігі тексеріледі. Ол NCALayer программасымен бірге орнатылады; NCALayer-сіз ЭЦҚ жұмыс істемейді.
ЭЦҚ екі файлдан тұрады: AUTH — жүйеге кіру, түпнұсқалығыңды растау үшін (eGov-қа, поштаға кіру); RSA — құжатқа қол қою үшін (несие алуға, келісімшартқа келісу). ҰБТ тестерінде «ашық кілт (AUTH файлы) — жүйеге кіру, жабық кілт (RSA файлы) — қол қою» деген сәйкестік кездеседі.
ЭЦҚ-ны ХҚКО-дан (Халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе egov.kz порталынан онлайн алуға болады. Онымен үйден шықпай мемлекеттік қызмет алуға, салық төлеуге, өтініш беруге, жеке кәсіпкер ретінде келісімшартқа қол қоюға, балабақша кезегін қадағалауға болады.
ЭЦҚ-ны қайда сақтауға болады? 4 тәсіл бар — әрқайсысын басыңыз
Тасымалдағышты таңдаңыз.
Ойынegov.kz-тен ЭЦҚ-ны қашықтан алу қадамдарын ретімен қойыңыз.
17
Сабақ соңындағы сұрақтар 8, 9, 10-сабақтар
алдымен өзіңіз жауап беріңіз
Әр сабақтың соңында талданған сұрақтар. Жауапты таңдаңыз, сосын «Шешімі» батырмасын басыңыз.
18
ҰБТ тұзақтары және қорытынды
тест алдында қайталаңыз
Өзіңді тексерАлдымен өзіңіз жауап беріп көріңіз, сосын карточканы басыңыз.
30 секундта қорытынды
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі = компьютерлік қауіпсіздік + желі қауіпсіздігі.
Үш критерий: қолжетімділік (кедергісіз алу), тұтастық (түпнұсқа сақталады), құпиялылық (заңсыз оқудан қорғау). Біреуі бұзылса — қауіпсіздік бұзылды.
Техникалық қауіп: вирус (өзін көбейтеді), құрт (пайдаланушысыз желімен тарайды), троян (кәдімгі программа болып көрінеді), DoS (бір компьютер), DDoS (көп компьютер), ботнет (зақымдалған құрылғылар желісі).
ЭЦҚ: заң 2003 жылғы 7 қаңтар; ҰКО; AUTH — кіру, RSA — қол қою; ХҚКО немесе egov.kz; сақтау: компьютер, флешка, арнайы SIM-карта, жеке куәлік.
Хабарламалар, мекенжайлар, кілттер мен сандар — оқу мәндері; RSA шифры кішкентай сандармен көрсетілген, нақты кілттер әлдеқайда ұзын. Сызбалар мен модельдер жеңілдетілген.