Квадрат түбірдің анықтамасы
8-сабақауданды өзгертіңізАуданы 144 см² болатын шаршыны алайық. Қабырғасын x десек, ауданы x · x = x². Демек x² = 144, ал квадраты 144-ке тең сан — 12, өйткені 12 · 12 = 144. Шаршының қабырғасы — 12 см.
a санының квадрат түбірі деп квадраты a-ға тең санды айтады. Квадрат түбірді табу амалын түбір шығару дейміз, ол квадраттауға кері амал. √ — түбір белгісі, оның астындағы сан — түбір асты.
- 5² = 25 және (−5)² = 25: 25-тің квадрат түбірлері — 5 және −5;
- (−4) · (−4) = 16: 16-ның квадрат түбірлері — 4 және −4;
- 0-дің квадрат түбірі біреу ғана — 0, өйткені тек 0 · 0 = 0;
- −25 санының квадрат түбірі жоқ: ешбір санның квадраты теріс болмайды.
Арифметикалық квадрат түбір — квадраты a-ға тең теріс емес сан. a белгісі әрқашан осы теріс емес мәнді білдіреді: 25 = 5, ал −5 емес. Мысалдар: 0 = 0, 1 = 1, 9 = 3, 0,64 = 0,8, 1625 = 45.
Кейде 25 = ±5 деп жазады — бұл қате: арифметикалық түбір теріс емес, 25 = 5. Екі мән ±5 — бұл x² = 25 теңдеуінің түбірлері.