Зерттеулер

0/6
7-сабақ · қала және жазу
11-сабақ · ғалымдар мен кесенелер

Зерттеуді басыңыз — сахна дайындалады, ал мұнда тапсырма шығады. Ол картадағы және уақыт таспасындағы әрекетіңіз бойынша есептеледі.

Мәдениет картада

7, 11-сабақтар
Таспаны жылжытыңыз немесе «Бастау» батырмасын басыңыз: алдымен VI–IX ғасырлардағы қалалар мен руна ескерткіштері, кейін X–XIII ғасырлардағы сауда қалалары, ғалымдардың қалалары және кесенелер пайда болады.
Көрсету:

Ескерткіштер мен мәдениет орталықтары

Басыңыз — таспа қажет уақытқа ауысады, ал карта орынды көрсетіп, карточкасын ашады.

Журнал

    1

    Тарихи аясы: VI–IX ғасырлардағы түркі мемлекеттері

    7-сабақтаспаны жылжытыңыз

    VI–IX ғасырларда Қазақстан жерінде бірнеше түркі мемлекеті өмір сүрді: Түрік қағанаты, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттері.

    Олардың мәдениеті бір-бірімен сабақтас болды: көшпелі шаруашылық, қала өркениеті, керуен саудасы мен руна жазуы осы кезеңде қатар дамыды. Бұл сабақта — мемлекеттердің саяси тарихы емес, олардың мәдениеті.

    Қағанаттардың тарихыМемлекеттердің құрылуы, билеушілері мен шекаралары — «Түркі қағанаттары» зертханасында (5–6-сабақтар). Аң стилі мен полихромдық стиль — ерте көшпелілер дәуірі: 3–4-сабақтар.
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    Таспаны жылжытыңыз: мемлекеттер бірін-бірі алмастырады. Засечканы басыңыз — оқиғаның карточкасы ашылады.
    !
    ҰБТ тұзағы

    Шығыс Түркістан — Түркістан қаласының шығысы емес. Бұл — Қытайдың Қазақстанмен шектесетін үлкен өлкесі (қазіргі Шыңжаң). Көне түркі жазуының ескерткіштерін С. Малов осы өңірде зерттеді.

    2

    Шаруашылық: металл, мал, аңшылық, егін

    7-сабақсызбаны басыңыз

    Металл. Түркілер темір өндіруді жақсы меңгерді. Оған дәлел — 546 ж. Жужан қағаны Анагуйдің түркілерді «менің темір қорытатын тұтқыным» деген сөзі.

    Мал шаруашылығы — күн көрудің негізгі кәсібі. Көп өсірілгені — жылқы мен қой, кейін түйе. Аз өсірілгені — ірі қара (сиыр). Түркілер аңшылықпен де айналысты.

    Егіншілік оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда дамыды: бұл өңірдің климаты суармалы егіншілікке қолайлы. Араб ғалымы әл-Идриси көшпелілердің жерді өңдеп, егін еккенін жазды. Қытай елшілерінің деректері бойынша, қала халқының бір бөлігі жер өңдеді, екінші бөлігі саудамен айналысты.

    Сән-салтанат. Түрік қағанының ордасына келген Византия елшілері қағанның зәулім киіз үйіне, алтын тағына және алтын тауысына таң қалды. Бұл туралы византиялық тарихшы Менандр жазып қалдырды.

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Сызбаның бөлігін басыңыз — түркілер немен айналысты?
    НысанНе және не үшін
    Сардобаүсті күмбезбен жабылған құдық: күмбез судың ыстықтан булануын азайтып, керуен жолындағы суды таза сақтады
    Балбал тасқайтыс болған адамның бейнесі қашалған тас; ислам келгеннен кейін бұл дәстүр тоқтай бастады, бірақ Қыпшақ даласында XI–XIII ғасырларға дейін орнатылды
    Киіз үйкөшпелінің баспанасы; қағанның зәулім киіз үйі Византия елшілерін таң қалдырды
    Қай кәсіп?Деректерді шаруашылық салаларына бөліңіз.
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    «Қай малдың түрі аз өсірілді?» — ірі қара (сиыр): оқулықта «сиыр» мен «ірі қара» синоним ретінде беріледі. Темір туралы сөз — 546 ж., Анагуйдікі. Кейде Менандрды елші дейді — бұл қате: Менандр — елшілік туралы жазып қалдырған византиялық тарихшы.

    3

    Қала мәдениеті және Ұлы Жібек жолы

    7-сабақкартадан табыңыз

    VI–IX ғасырларда қала мәдениеті оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты, өйткені осы өңірден Ұлы Жібек жолы өтті. Керуендер тоқтайтын жерлерде қонақ үй, базар, шеберхана пайда болып, қала орталықтары осылай өсті. Алғашында қалалар сауда орталығы — базар қызметін атқарды.

    • Тараз — ірі сауда орталығы, «көпестер қаласы»: көпес — саудагер деген сөз.
    • Суяб — Шу өзені бойындағы бірқатар түркі мемлекеттерінің астанасы.
    • «Худуд әл-Алам» дерегі бойынша, қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болды.
    • Ақыртас — Жамбыл облысындағы ғимарат, Қарлұқ қағанаты тұсында салынды. Аңыз бойынша, ол сүйген жары үшін салынған.
    • Суяб пен Навакент қалаларынан будда храмдарының орны табылды: Жібек жолымен әр өлкеден келген адамдар өз дінін де әкелді.

    Үйдің сыртын әдемілеу үшін қабырғаларды зооморфты (жануар бейнелі) және өсімдік өрнектерімен әрледі.

    Руна тіліндегі екі сөзКарточканы аударыңыз: сөздің мағынасы не?
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Ақыртас қай қағанатта салынды? Барлық нұсқа «қағанат» болып келеді: Түрік, Батыс түрік, Шығыс түрік, Қарлұқ. Дұрысы — Қарлұқ қағанаты, тірек белгі — Жамбыл облысы. Сұрақта «Тас-Ақыр» деп те берілуі мүмкін. «Көпестер қаласы» — Тараз, ал Суяб — астана.

    4

    Қаланың құрылымы және сауданың үш бағыты

    7-сабаққала бөлігін басыңыз
    Қаланың бөлігін басыңыз.

    Ерте ортағасырлық қала үш бөліктен тұрды. Бұл бөлініс сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді.

    БөлікОрныТұрғыны
    Цитадельқаланың орталығыбай билеушілер, ел басылар
    Шахристанцитадельдің айналасықолөнершілер, саудагерлер
    Рабадсыртқы шетіқарапайым халық

    Қаланы үш қабат қоршау қоршады. Сырттан жау келгенде алдымен рабад тұрғындары — қарапайым халық — қауіп астында қалды, ал ішкі бөліктегі бай адамдар қорғалды.

    Сауданың ерекшеліктері. Қалалар көшпелілермен тікелей байланыста болды: тауар айналымы жүрді. Қала халқының бір бөлігі жартылай отырықшы болып, жазда жайлауға көшті. Қалалар әкімшілік-сауда орталықтары болды.

    Сауданың үш бағыты:

    1. елдер арасындағы халықаралық сауда;
    2. қалалар мен егіншілік аймақтар арасындағы сауда;
    3. қалалар мен көшпелі дала арасындағы сауда: мысалы, қала тұрғыны қыш құмыра сатады, көшпелі сүт пен тері әкеледі.

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Бағытты басыңыз — кім мен кім сауда жасады?
    Кім қайда тұрды?Белгілерді қаланың үш бөлігіне бөліңіз.
    !
    ҰБТ тұзағы

    Жау келгенде бірінші кім зардап шегеді? — рабадтағы қарапайым халық: олар қаланың ең сыртқы бөлігінде тұрды. Шахристанда — қолөнершілер мен саудагерлер, цитадельде — бай билеушілер. Теңіз саудасы сауданың үш бағытына жатпайды.

    5

    Жазу: руна ескерткіштері

    7-сабақсөзді оқыңыз

    Кейбір зерттеушілер түркілерде жазу болмаған деп тұжырымдады. Бұны жоққа шығаратын дерек — Орхон-Енисей руна ескерткіштері: олар Орхон мен Енисей өзендерінің бойынан табылды. «Руна» сөзінің мағынасы — құпия.

    • 568 ж. түрік елшісі Маниах Византия императорының сарайына қағанның хатын апарды — бұл түркілерде жазу болғанының дәлелі.
    • 582 ж. түрік қағандары — Бұмын мен Мұқан туралы алғашқы құлпытас орнатылды (Бұғыт ескерткіші).
    • Шығыс түрік қағанатының билеушісі Білге қаған мен оның қолбасшысы Күлтегін ескерткіштері — руна жазуының ең үлкен үлгісі. «Мәңгі тасқа» сызып жазған сөздердің авторы — Йолығ тегін.
    • Түркілер тасқа ғана емес, ағашқа да арнайы әдіспен ойып жазды.

    XVIII ғ. еуропалық ғалымдар руна ескерткіштерін зерттей бастады, бірақ оларды ұзақ уақыт ешкім оқи алмады. 1893 ж. дат ғалымы Вильгельм Томсен «Тәңір» сөзінің құпиясын ашып, руна жазуын оқуға жол ашты. Бұл ескерткіштерді В. Радлов та зерттеді, ал С. Малов «Көне түркі жазуының ескерткіштері» еңбегін жазды.

    Томсен сияқты оқып көріңіз

    ←оңнан солға қарай оқимыз←
    Таңбаларды оқу ретімен басыңыз. Жол қай жақтан басталады?
    ТІРЕК ДАТАЛАР

    Картада — руна ескерткіштерінің орындары: Бұғыт ескерткіші, Орхон бойындағы құлпытастар және Енисей жазулары. Шағын таспаны жылжытыңыз: ескерткіштер өз уақытында пайда болады.

    Ең ерте және ең үлкенБұғыт ескерткіші (582 ж.) — алғашқы құлпытас. Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштері — руна жазуының ең үлкен үлгісі.
    !
    ҰБТ тұзағы

    «Тәңір» сөзінің құпиясын ашқан — Томсен (1893 ж.), Радлов емес: Радлов та руна жазуын зерттеді. Әл-Омари мен Ибн Сина — дат ғалымы емес. Алғашқы құлпытас — 582 ж., ал 1893 ж. — Томсеннің ашқан жылы.

    6

    Дін: тәңіршілдік және келген діндер

    7-сабақсызбаны басыңыз

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Ғалымды немесе дінді басыңыз.

    Көне түркілер Көк Тәңірге табынды. Француз ғалымы Жан-Поль Ру ата-бабалардың Көк Тәңірге табынғанын жазды. Неміс ғалымы Дёрфер тәңіршілдікті бір құдайға табыну — монотеистік дін деп тұжырымдады.

    МонотеистікЖалғыз бір құдайға табыну. Көк Тәңірге табыну осыған жатады. Адамдар құдайдан көмек сұрағанда аспанға қарады.
    ПолитеистікКөп құдайға табыну: мысалы, ежелгі Грекия мен Мысыр діндерінде күн құдайы, су құдайы бөлек болды.

    Жібек жолы арқылы Қазақ жеріне басқа діндер де келді:

    ДінҚайдан және қалай
    Несториандықхристиан дінінің бағыты; патриарх Несторий есімімен байланысты. Византиядан қуылған несториандар Арабия, Сирия, Иран арқылы таралды
    МанихейлікИран жерінде III ғ. соңында пайда болды
    Зороастризмда Иран жерінде пайда болды
    БуддизмСуяб пен Навакенттен будда храмдарының орны табылды

    Бұл діндерді соғдылар VII ғасыр шамасында Жетісу аумағына таратты.

    Бір құдай ма, көп құдай ма?Монотеизм немесе политеизм.
    Қай дін?Белгілерді діндерге бөліңіз.
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Зороастризм қай елде пайда болды? — Иран. Тұзақ нұсқалар: Қытай (конфуцийшілдік), Соғды елі, Үндістан (буддизм, индуизм). Зороастризм де, манихейлік те Иран жерінен басталып, кейін Қазақстанға таралды. Көк Тәңір туралы жазған — Жан-Поль Ру, ал Геродот пен Сыма Цянь бұл туралы жазбаған.

    7

    X–XIII ғасырлар: қала мәдениетінің өркендеуі

    11-сабақкезеңді ауыстырыңыз

    X–XIII ғасырлар — Қазақстан жеріндегі қала мәдениетінің гүлдену кезеңі. Бұл өркендеу Ұлы Жібек жолымен тікелей байланысты болды. Алдыңғы VIII–IX ғасырлармен салыстырғанда қалалардың саны мен аумағы 20–30 есеге өсті.

    Қалалар көбіне Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойында тұрақты салынды: сауда осы жерде қарқынды жүрді. Қазақстанның оңтүстігінде Кедер, Ясы, Жент, Баршынкент сияқты қалалар пайда болды.

    Рабад — қаланың ең шеткі бөлігі: қарапайым халық осы жерде тұрды. Қала дәл рабадтар арқылы үлкейді. Қазба жұмыстары қаланың көп бөлігі бір-біріне жалғаса салынған үйлер тобынан — маһаллалардан тұрғанын көрсетті.

    Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде сол кездегі адамдардың отырықшы қала өміріне бейімделгенін жазды.

    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Қала мәдениетінің гүлдену кезеңі — X–XIII ғасырлар, VIII–IX ғасырлар емес: ол кезде қала саны әлі аз болды. Қала саны мен аумағы 20–30 есе өсті, 2–3 есе емес. «Құтты білік» — Жүсіп Баласағұни, әл-Бируни емес.

    8

    Қала шаруашылығы: су құбыры, монша, терракота

    11-сабақсызбаны басыңыз

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Сызбаның бөлігін басыңыз.

    Орта ғасырда қалаларда су құбыры мен кәріз жүйесі жақсы дамыды. Күмбез тәрізді жерасты жолдары қазылып, оларға қыш құбырлар төселді. Кәріз жүйесінің болғаны Баба-Ата қаласындағы археологиялық зерттеулермен дәлелденді.

    Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларынан моншалар табылды. Олар аз отынмен үлкен бөлмені жылытты. Ибн Сина моншаларды сипаттап, онда бір қалыпты температура болғанын жазды.

    Терракота — күйдірілген балшықтан жасалған әшекейлі тақташалар. Олармен қабырғаларды ою, өрнек, суретпен әрледі. Өңделген кірпіш те үйлерге түрлі рең берді.
    Карточканы аударыңызҚала жетістігі → оның белгісі.
    !
    ҰБТ тұзағы

    Су құбыры — қыш (балшық) құбыр, темір де, қола да емес. Кәріздің дәлелі — Баба-Ата қаласы, ал Тараз, Отырар, Баласағұн — моншалар табылған қалалар. Қала жетістігін «үш белгімен» есте сақтаңыз: су құбыры → монша → терракота.

    9

    Кесенелер: Орталық Қазақстан және Тараз

    11-сабақкесенені басыңыз

    Кесенелер ҰБТ-да жиі сұралады. Оларды екі топқа бөліп есте сақтаған тиімді.

    КесенеОрныЕрекшелігі
    Жошы ханКеңгір өзені, ҰлытауЖезқазғаннан 40 шақырым; Жошы 1227 ж. қайтыс болды, кесене бір жылдан кейін (1228 ж.) салынды
    Алаша ханҚара Кеңгір өзені, ҰлытауАлаша ханға арналған; аңыз бойынша — Ақ Орданың Орыс ханына
    Айша бибіТараз маңыкүмбезді, төрт бұрышты, терракотамен әшекейленген
    Бабаджа қатынТараз маңыкүйдірілген кірпіштен, Айша бибі кесенесінің қасында; Бабаджа қатын — Айша бибінің сенімді қызметшісі
    ҚараханТаразҚарахан дәуірінің ескерткіші; аңыз бойынша Қарахан — Айша бибінің сүйген жары
    СырлытамСырдария бойыСыр бойындағы кесене

    Ұлытаудағы кесенелердің қайсысында кім жерленгені нақты белгісіз: мысалы, Жошының өз кесенесінде жерленгені нақты анықталмаған.

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Кесенені басыңыз — ол қай өзеннің немесе қаланың маңында?
    Қай топқа?Кесенелер мен белгілерді орындарына бөліңіз.
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Жошы хан мен Алаша хан — екеуі де Ұлытауда, оларды өзенге қарап ажыратыңыз: Кеңгір, Жезқазғаннан 40 шақырым → Жошы хан; Қара Кеңгір → Алаша хан. Стемде «Қара Кеңгір өзені бойында» десе, жауап Қарахан емес: Қарахан кесенесі әрқашан Тараз қаласында. Бурана мұнарасы мен Айша бибі — тұзақ нұсқалар.

    10

    Сауда, ақша және егіншілік

    11-сабақтеңгені басыңыз
    Теңгені басыңыз — ол неден соғылған?

    Жібек жолы бойындағы Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Навакент, Баласағұн қалалары сауда орталығы, яғни базар қызметін атқарды.

    Тараз — мұсылмандар түркілермен сауда жасайтын орын ретінде сипатталды; қала арқылы күміс тасымалданды. Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыздардың астанасы Янгикент (Жаңакент) те ірі сауда орталығы болды.

    Тауар-ақша қатынастары өсті. Ақша шығару билеушінің беделін бүкіл елге танытудың құралы еді: теңгеге билеушінің аты жазылды.

    Егіншілікте суармалы жүйе басым болды, әсіресе оңтүстікте: ауа райы қолайлы, су өзеннен арық арқылы тартылды. XIII ғасырда егіншілік біртіндеп Орталық Қазақстанға да тарады.

    Картадан табыңыз: Жібек жолы бойындағы X–XIII ғасырлардың сауда қалалары.

    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Металын шатастырмаңыз: дирхем — күміс, динар — алтын. Стемде «алтыннан жасалған теңге» десе — динар. Оғыздардың астанасы — Янгикент; Баласағұн — Қарахан мемлекетінің орталығы. Иқта — қала бөлігі де, теңге де емес: ол — жер иелену жүйесі.

    11

    Ислам діні: Атлахтан «алтын ғасырға» дейін

    11-сабақсебеп пен салдар

    751 ж. Атлах шайқасында түркілер мен арабтар Қытай әскерін жеңді. Осыдан кейін Қазақ жерінде ислам діні мен ислам мәдениеті тарай бастады.

    960 ж. Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялады — түркі әлемінде алғаш рет. Ескі қола айнаға араб тілінде: «Кімде-кім Аллаға сенсе, оған қауіп жоқ» деп жазылған.

    Шоқан Уәлиханов халық дінді қосарлы қабылдағанын жазды: бір адам исламды, басқасы бұрынғы тәңіршілікті ұстанды. Ислам мәдениетке, саяси өмірге, ғылым мен медицинаға да ықпал етті.

    X–XII ғасырлар түркі мәдениетінде «алтын ғасыр» деп аталады: Қазақ жерінде ғылым, мәдениет пен білім өркендеді. Ғылым тілі ретінде араб тілі қолданылды: ол араб елдерінен келіп, жұмыс тілдерінің біріне айналды.

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Сатыны басыңыз.
    Себеп → салдарКөрсеткімен жалғаңыз: не неге әкелді?
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    Дата ығыстырылады: 751 ж. — Атлах шайқасы, исламның тарала бастауы; 960 ж. — Қарахан мемлекетінде исламның мемлекеттік дін болуы. Оғыз мемлекеті, Қарақытай, Қыпшақ хандығы — тұзақ нұсқалар.

    12

    Ғалымдар мен еңбектер

    11-сабақесім мен қаланы жалғаңыз

    X–XIII ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуын ғалымдардың есімі, туған жері және еңбектері арқылы есте сақтаймыз.

    ҒалымТуған жері, жылыБасты еңбегі
    Әбу Насыр әл-ФарабиОтырар (Фараб), 870–950 жж.«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруерті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні»; «Шыбыр айғыр» күйі
    Әбу Райхан әл-Бируни—«Бұрынғы ұрпақтардан қалған ескерткіштер», «Асыл тастар»; география, астрономия
    Махмұд ҚашқариҚашқар«Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі»)
    Жүсіп БаласағұниБаласағұн«Құтты білік» («Құтадғу біліг»)
    Ахмет ЙүгінекиТүркістан маңы, Қарахан дәуірі«Ақиқат сыйы»
    Қожа Ахмет ЯсауиСайрам; өмірі Ясыда (Түркістан) өтті«Диуани хикмет» («Даналық кітабы»)

    Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде қала адамдары бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, бір-біріне көмектесуі керек деп жазды. Әл-Бируни Жердің Күнді айналатыны туралы ойды Коперник пен Галилейден бірнеше ғасыр бұрын айтты. Қожа Ахмет Ясауи өмірін ғылымға, білімге және тақуалыққа арнады.

    Сызбаны жанына қарай жылжытуға болады ↔

    Жылдам әдісКейбір ғалымның атына туған қаласы жасырынған: әл-Фараби → Фараб, Қашқари → Қашқар, Баласағұни → Баласағұн, Ясауи → Ясы. Туған жерін осыдан табыңыз.
    ЕгіздерӘл-Фараби ме, әл-Бируни ме?
    Ғалым → еңбекЕңбектерді авторларына бөліңіз.
    Кім, қашан, қайда, не істедіДеректі құраңыз.
    ТІРЕК ДАТАЛАР
    !
    ҰБТ тұзағы

    «Ақиқат сыйы» — Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи емес (екеуінің де есімінде «Ахмет» бар); Қадырғали Жалайыри — тұзақ нұсқа. Ясауидің еңбегі — «Диуани хикмет». Кейде «Кемеңгерлік меруертін» әл-Бирунидің еңбегі дейді — бұл қате: ол — әл-Фарабидің еңбегі; Бирунидікі — «Бұрынғы ұрпақтардан қалған ескерткіштер» мен «Асыл тастар». Кейде Бируни Жердің Күнді айналатынын дәлелдеді дейді — дәлірек айтқанда, ол бұл туралы алғаш ой айтты, ал кейін бұл идеяны Коперник пен Галилей дамытты.

    13

    Төрт патшалық және түркі мәдениетінің ықпалы

    11-сабақпатшалықты табыңыз

    Орта ғасырларда әлем төрт патшалыққа бөлінеді деген түсінік болды.

    Әлем тарабыПатшалықКім
    Солтүстікжылқылар патшалығыТүрік қағанаты, көшпелілер
    Оңтүстікпілдер патшалығыҮндістан
    Батысасыл заттар патшалығыВизантия
    Шығысадам патшалығыҚытай

    Түркі мәдениетінің ықпалы. Ғұндар, кейін олардың ұрпақтары — түркілер — басқа жақтарға қоныс аударып, тілі мен дінін таратты. Дунайдың төменгі ағысында өмір сүрген оңтүстік славяндар мен фракиялықтарға түркі бұлғарлар келіп араласты — қазіргі болгар халқы осылай қалыптасты. Түркілер венгрлер мен басқа шығыс еуропалық халықтардың қалыптасуына да ықпал етті.

    Орыс тарихшысы Карамзин Бұхара мен Қыпшақ елінде күміс ақша «теңге» деп аталғанын жазды: орыстың «деньга» сөзі осыдан шыққан, ал мыс ақшаны орыстар «пул» деп атады (түркіше — «пұл»). Үндістаннан Орталық Азияға буддизм келді, кейін христиан және ислам діндері тарады.

    «Пілдер патшалығы» қайда?0/4
    Осы патшалық орналасқан әлем тарабын басыңыз.
    Карточканы аударыңызТүркі мәдениеті кімге және қалай ықпал етті?
    !
    ҰБТ тұзағы

    Солтүстік — түркілер, «жылқылар патшалығы». Оңтүстік — Үндістан (пілдер), батыс — Византия (асыл заттар), шығыс — Қытай (адамдар). «Кодекс Куманикус» — XIV ғасырдағы қыпшақ тілінің сөздігі; XI ғасырда түркі тілінде жазылған туынды — «Құтты білік».

    14

    Екі сабақтың хронологиясы

    7, 11-сабақтароқиғаларды реттеңіз

    Тоғыз оқиға — Анагуйдің сөзінен Томсеннің ашқан жаңалығына дейін. Тексергеннен кейін олар таспаға өз даталарымен орналасады.

    15

    ҰБТ тапсырмаларын талдау

    7, 11-сабақтарқадамдап ашыңыз

    B және C деңгейлеріндегі тапсырмалар. Емтихандағыдай ойланамыз: картада немесе мәтінде не көрінеді → бұл қай дәуір → қай қала, ескерткіш, ғалым немесе ұғым.

    Карталардағы шекаралар, жолдар мен орындар — шамамен жасалған реконструкциялар. Сызбалар мен 3D-реконструкциялар жеңілдетілген.